Шетелдік ІТ-бағдарламаларды отандық өніммен алмастыру ұсынылды

699

Жұмыс тобы өкілдері 9 іс-шараны талқылады.

Шетелдік ІТ-бағдарламаларды отандық өніммен алмастыру ұсынылды

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар комитетінің төрағасы Болат Башеевтің төрағалығымен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген түзетулер аясында "АКТ саласын дамыту" жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Жұмыс тобы өкілдері отырыс барысында 9 іс-шараны талқылап, жоба құжаттарын ұсынды. Мәселен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының маманы Серік Бұтұмбаев "Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы шетелдік бағдарламалық жасақтамалар импортының орнын басу" жобасын ұсынды. 

"Мемлекет басшысы еліміздің жекеменшік бағдарламалық өнімдерге 95%-дық тәуелділігі мен технологиялық тәуелділігі туралы ескерту жасаған еді. Шетелден сатып алынған бағдарламалық жасақтамаларды қазақстандық бағдарламалармен жедел алмастыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бәсекеге қабілетті отандық өнімді пайдалану туралы заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылады", – деп айтып өтті "АКТ саласын дамыту" жұмыс тобының мүшесі.

Онлайн өткен жиналысқа қатысушылар ақпараттық технологияларды қаржыландыру бағдарламасы, ІТ саласы қызметін жоспарлауды ақпараттық қамтамасыз етудің "Салалық статистика" жобасы, ІТ кәсіпкерлікті дамыту, "Сатып алулардың тәртібі мен рәсімдері" бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу, отандық ІТ компаниялардың мобильді қосымшаларында электронды цифрлы қолтаңбаны пайдалануды жеңілдету, сондай-ақ, офшорлық бағдарламалар, ақпараттық технологиялар өнімдері мен қызметтерін экспорттау және "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының орындалуына мониторинг жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету тәрізді жобалар ұсыныды.

Болат Башеев жиынды қорытындылай келе, отырыс барысында жасалған ұсыныстар өңделгеннен кейін, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынылатынын айтты.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу