Шетелдік көліктерді заңдастыруға қанша қаржы жұмсалады?

877

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдік көліктерді заңдастыру шарттарын түсіндірді, деп жазады Inbusiness.kz тілшісі.  

Шетелдік көліктерді заңдастыруға қанша қаржы жұмсалады? Фото: azattyq-ruhy.kz

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген көліктер алдымен тексеруден өтеді. Сәтті тексеруден өткен жағдайда өтініш берушіге оның ұялы телефонына оң нәтиже және көлік құралын тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға келу қажеттілігі туралы қысқа хабарлама жіберіледі.

"Көлік құралын тіркеуге арнайы ХҚКО-ға қайта келген кезде иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж 4 313 теңге,  сондай-ақ мемлекеттік нөмірге 9 660 теңге алым төлейді және құжаттардың түпнұсқаларын, шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО қызметкеріне тапсырады", - деді Игорь Лепеха.

Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль  иесіне тіркеу құжаты және  мемлекеттік нөмір белгілері беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу