Шетелдік көлікті уақытында заңдастырмағандарға қандай жаза қолданылады?

570

Қазір еліміз бойынша сақтандыру полисі арқылы жүрген 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар.  

Шетелдік көлікті уақытында заңдастырмағандарға қандай жаза қолданылады? Фото: tengrinews.kz

Сырт елден әкелінген автокөлікті белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қарастырылған? Бұл сұраққа Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

"Шетелдік көліктерді заңдастыру – бірреттік акция. Ол биыл 23 қаңтарда басталып 1 шілдеге дейін жалғасады. Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің дені сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Егер автомобильді белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады", - деді Елжан Чупеков елорданың полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу