Шетелдік компанияларға салынатын салық өзгере ме

598

Бақыланатын шетелдік компаниялар отандық компаниялармен бірдей салық төлеуі мүмкін.

Шетелдік компанияларға салынатын салық өзгере ме

Бақыланатын шетелдік компанияларға қатысты заңнамаға түзетулер енігзілмекші. Бұл түзетулердің мазмұнын Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев баяндады.

"Бақыланатын шетелдік компаниялардың мәселесі айтарлықтай ауқымды. Салық түсімдерінен басқа екі мәселе бар. Бизнестің бізге айтуы бойынша, қаралып жатқан түзетулер инвестициялық климатқа да әсер етуі мүмкін. Сондықтан қазір мәселе талқыланып жатыр. Бірақ біздің ұстанымымыз мынадай. Бақыланатын шетелдік компаниялар біздің резиденттің балансында қатысушы болуы керек. Осыдан туындайтын барлық салық міндеттемелері жүктеледі", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу