Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі 16,9 пайызға қысқарған

620

4,8 млрд АҚШ долларына дейін төмендеген.

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі 16,9 пайызға қысқарған

Алдын ала бағалау бойынша төлем балансының ағымдағы шоты өткен жылдың 1 тоқсандағы 0,9 млрд АҚШ доллары тапшылығымен салыстырғанда биылғы 1 тоқсанда профицитпен қалыптасып, 0,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бас банк хабарлады.

"Ағымдағы шоттағы ахуалдың оң өзгерісіне сауда балансы профицитінің ұлғаюы себеп болды, ол алдын ала деректер бойынша 14,4%-ға ұлғайып, 7,1 млрд АҚШ долларын құрады. Тауарлар экспорты 9,9%-ға ұлғайып 15,0 млрд АҚШ долларын құрады. Тауарлар импорты 7,8 млрд АҚШ долларына дейін 6,1%-ға өсті", – делінген Ұлттық банк есебінде. 

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері 4,8 млрд АҚШ долларына дейін, яғни 16,9%-ға қысқарған.

1 тоқсанда шетелдік үлестес компаниялардың қазақстандық кәсіпорындар алдындағы өзінің борыштық міндеттемелерін өтеуі оң көрсеткіш берді. Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша капиталдың таза әкелінуі 2,4 млрд АҚШ долларын құраған.

"Резервтік активтер 1 сәуірдегі жағдай бойынша 27,0 млрд АҚШ долларына бағаланды.  Бұл тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортының 7,1 айын қаржыландыру қажеттілігін жабады", – деп хабарлайды бас банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу