Шетелдіктер мен жұмыс берушілерге көші-қон талаптары ескертілді

306

Шетел азаматтарының Қазақстанда болу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шетелдіктер мен жұмыс берушілерге көші-қон талаптары ескертілді Фото: polisia.kz

Абай облысының полиция департаменті шетел азаматтарына, оларды қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілерге елдегі көші-қон талаптарын сақтау тәртібін түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанға келген шетел азаматы туралы қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарлауы керек.

Шетел азаматтары Қазақстанда заңды болу мерзімін, визасы мен рұқсат құжаттарының күшін бақылауға міндетті. Сондай-ақ тіркелген мекенжайында тұрып, еңбек қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқаруы қажет. Төлқұжаттың жарамдылық мерзіміне де назар аударуы тиіс.

Ал шетелдіктерді қабылдайтын азаматтар мен жұмыс берушілер олар келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті органдарға хабарлама жіберуі қажет. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңда белгіленген рұқсатсыз жұмысқа тартуға жол берілмейді.

Егер еңбек шарты тоқтатылса немесе шетел азаматы Қазақстаннан кетсе, бұл туралы көші-қон қызметіне белгіленген тәртіппен уақытылы хабарлау қажет.

Полиция көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, барша азаматты заң талаптарын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу