Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа ережелері қабылданды

448

Жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган әзірлеп, тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады.

Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа ережелері қабылданды Фото: kazakhstan today

Мәдениет және спорт министрлігі шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекітті, деп жазады inbusiness.kz.

Шетелдіктер үшін туристік жарна туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады. 

Төленуге тиісті алынатын туристік жарна сомасы тұру құнына енгізілмейді. 

Туристік жарнаны шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) төлейді. 

Жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган әзірлеп, тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. 

"Орналастыру орындарындағы туристік жарнаға айлық есептік көрсеткіштің 0,2-ден 0,5-ке дейінгі мөлшерінде белгіленген ставкалар қолданылады. Туристік жарна мөлшерлемелерінің мөлшерін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзекті статистикалық деректер негізінде айқындалады", - делінген құжатта.

Орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ұлғайған жағдайда туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады:

-          5 пайызға дейін – 0,2 АЕК мөлшерінде;

-          5-тен 10 пайызға дейін – 0,3 АЕК мөлшерінде;

-          10-нан 15 пайызға дейін – 0,4 АЕК мөлшерінде;

-          15 пайыздан және одан жоғары – 0,5 АЕК мөлшерінде.

Шетелдіктердің орналастыру орындарында болған толық емес күні үшін туристік жарна толық болу күні ретінде алынады.

Бұйрық 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу