Шетелдіктерге үй сатуды дереу тоқтату керек - Мераль Акшенер

1468

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сөз алған İYİ (жақсы) партиясының төрайымы Мераль Акшенер Хатайдан бастап Түркияның барлық аумағында шетелдіктерге баспана сатуды тоқтату туралы үндеуін ортаға салды. 

Шетелдіктерге үй сатуды дереу тоқтату керек -  Мераль Акшенер Фото: google

 "Енді босқын мәселесін шешудің уақыты келді. Сондықтан үкіметті жаңа құрылыс кезеңінде босқындарды елдеріне қайтаруға,  бұл үшін қажетті қадамдарды жасауға және дипломатиялық келіссөздерді дереу бастауға шақырамын" дей келе, "Біздің мақсатымыз – апаттан зардап шеккен тұрғындарымыз тұрғылықты жері мен үйлеріне оралғанда олардың қандай да бір құқықтарының жоғалмауын қамтамасыз ету" деді.

Зілзала болған аймақта 1 миллион 700 мың босқын тұрады. 

Түркияда 2013 жылдан бастап шетелдіктерге баспана сатыла бастаған. 2021 жылы осы елден қазақстандықтар 4 мыңға жуық үй алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу