Шетелдікті 150 метр жерге көлікпен жеткізген таксист жауапкершілікке тартылды

361

Таксист 150 метр жерге 500 теңге алған.

Шетелдікті 150 метр жерге көлікпен жеткізген таксист жауапкершілікке тартылды Фото: polisia.kz

Астана станциясының теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде көлік полицейлері елорданың 50 жастағы тұрғынын анықтады, ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
 
Ер адам жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автобекетіне 500 теңгеге апаруға келіскен.

Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған қоғамдық орындарда тиісу ҚР ӘҚБтК 10 АЕК айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу