Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай ұсыныстардың басым бөлігі шетелдік делдалдар мен күмәнді ұйымдардан түседі. Олар Қазақстанда тіркелмеген және заң аясынан тыс жұмыс істейді.
Мамандардың айтуынша, оңай табыс табуға ұмтылу қаржылық шығындарға, құқықтық кепілдіктердің болмауына және шет мемлекетте қиындықтарға тап болуға әкелуі мүмкін. Мұндай схемаларды ұйымдастырушылардың көпшілігі Қазақстаннан тыс жерде орналасқандықтан, зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау да қиынға соғады.
Осыған байланысты министрлік өкілдері азаматтарды интернеттегі кездейсоқ хабарландыруларға сенбеуге және күмәнді рекрутерлерге ақша аудармауға шақырды.
Ведомство шетелде қауіпсіз жұмысқа орналасу үшін тек ресми аккредиттелген операторлардың қызметіне жүгінуге кеңес береді. Сонымен қатар жұмыс беруші мен делдалдың құжаттары және қажетті рұқсаттары алдын ала мұқият тексерілуі керек.