Шідерті кентінде қысқы дизель отынын шығаратын жаңа зауыт салынады

893

Шідерті кентінде қысқы дизель отынын шығаратын жаңа зауыт салынады

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың "Нұр Мұнай М" компаниясының басшысы Қалиев Қайырлымен кездесуінде мәлім болды.

Құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін жобаның құны 1,8 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жобаны мәскеулік инжинирингтік компания құрастырды.Қазіргі кезде зауыт салынуы тиіс Шідерті кентінің маңындағы 1,5 гектар жердің жалға алу мерзімін ұзарту  бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Билік тарапынан бізге барынша қолдау көрсетілуде", - деді  инвестор.

Зауытта өндірілетін дизель отынын Цельсий межелігі бойынша -25-тен -55 градусқа дейінгі суықта да қолдануға болады. Сонымен бірге  кәсіпорында АИ-72, АИ-76 маркалы жанармай мен газ отыны шығарылатын болады.

"Бұл жоба біздің өңіріміз үшін аса маңызды.Қысқы кезеңде дизель отынының қатып қалуына байланысты біздің солтүстік өңірде қоғамдық көліктердің тұрып қалу жағдайлары жиі орын алады. Менің ойымша ірі кәсіпорындар Сіздердің қысқы дизель отынын сатып алу бойынша тұрақты серіктестеріңізге айналады", - деді Болат Бақауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу