Шикізат бағасының қымбаттауы дамушы нарықтарға оңай соқпайды

694

Мұнай бағамының қымбаттауының салдары дамушы нарықтар үшін күрделі болуы мүмкін.  

Шикізат бағасының қымбаттауы дамушы нарықтарға оңай соқпайды

Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің атқарушы директоры Фатих Бирол мәлімдеді. Оның пікірінше әлем елдері бұрын-соңды мұндай энергетикалық дағдарысты көрген емес, деп жазады inbusiness.kz.

CNBS телеарнасына берген сұхбатында Бирол, Африка, Азия және Латын Америкасындағы мұнай импорттаушы елдер импорт бағасының жоғарылауына және валютаның әлсіздігіне байланысты ең көп зардап шегеді, бұл осы аймақтардың алдында тұрған бірқатар экономикалық проблемаларды күшейтеді, деп мәлімдеді.

Қазан айында ОПЕК+ АҚШ-тың әлемдік экономиканы қолдау үшін өндірісті ұлғайту туралы өтінішіне қарамастан, баға деңгейін ұстап тұру  үшін көмірсутек өндірісін қысқартуға келісті. Бағаның жоғарылауының нәтижесінен рецессияға ұшыраған экономика сатып алушыларға да, сатушыларға да тиімді емес. 

Сондай-ақ Бирол Азия аймағындағы сұйытылған табиғи газ бағасы соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен бес есе жоғары екенін және келесі жылы жаңа қиындықтар туындайтынын атап өтті. Бір жағынан бұл  әлемдегі көптеген мемлекеттерге жасыл энергетикаға көшу үшін орасан зор қаражат жұмсауға мүмкіндік береді, бұл теңіз деңгейінің көтерілуінен және басқа да табиғи апаттардан болатын материалдық залалды азайтуға, сондай-ақ мезгілсіз өлім және т.б. сияқты денсаулық салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу