Шикізаттан тыс сектор сапалы өсудің негізгі драйверіне айналады – Асқар Мамин

532

Үкімет отырысында премьер-Министр Асқар Мамин 2022 жылы экономиканың 3,9%-ға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Шикізаттан тыс сектор сапалы өсудің негізгі драйверіне айналады – Асқар Мамин

"Республикалық бюджеттің ұсынылып отырған жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындауға және де қазіргі жағдайларда экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясатты іске асыру – пандемияның салдарын жұмсартып, экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру процесін іске қосуға мүмкіндік берді. 2022 жылы экономиканың 3,9%-ға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр", – деді Асқар Мамин. 

Айта кетейік, бүгін үкімет ҚР 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы", "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңдарының жобалары мен "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" ҚР Президенті Жарлығының жобасын мақұлдады.

Үкімет басшысының айтуынша, шикізаттан тыс сектор сапалы өсудің негізгі драйверіне айналады. Ол ұлттық экономиканың ілгерілетудің негізгі факторы болады. 

"Экономиканың нақты секторының, бизнестің дамуына қолдау көрсету және әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру жүйесінің, мәдениет әрі спорт салаларының және де қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету – бюджет шығыстарының негізгі бағыттары болмақ. Ұсынылып отырған бюджет параметрлерін Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады, – деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу