Шикізаттық емес экспорт көлемі 25 млрд долларға өседі

824

Мемлекет биыл экспорттаушыларды қолдау ретінде 280 млн долларға 62 келісімшарт жасасты. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Шикізаттық емес экспорт көлемі 25 млрд долларға өседі

"Оның ішінде 54 млн доллар акселератордың түлектеріне тиесілі. Келісімшарттың көпшілігі тұз, ұн, ет және ет өнімдері, макарон, консервілер, бал, өсімдік майы, сүт ұнтағы сынды азық-түлік өнімдерін сату бойынша жасалды. Көлік жасау, металлургия өнімдерін жеткізу, IT-қызметтерге де келісімшарттар бар. Қолдауға 1 теңге жұмсалса, тауар өндірушілер соған 329,6 теңге кіріс көреді", – деп хабарлады ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, қызметтер экспортын қоспағанда, 10 айда шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 15,9 млрд доллар болды.

"Егер қызметтер экспортын қоссақ (ол бірінші жартыжылдықта өсті – 2,7 млрд доллар болды), онда жалпы шикізаттық емес экспорт көрсеткішінде 25 млрд долларға жетеміз деп ойлаймын", – деп түйіндеді Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу