Жеңіл автомобильдер – 8,9%-ға, жүк автомобильдері – 10,1%-ға, автобустар 8,7%-ға артқан.
"2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мың бірлікті құрады, оның 87,7%-ы жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы жүк автомобильдері және 1,9%-ы автобустар", – деп жазылған статистикалық мәліметте.
Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 7 862 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 584 адам зардап шеккен. 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол апаты 9,4%-ға ұлғайған.
1 тамыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 27,6 млрд теңге сомасына 54 408 сақтандыру төлемі жүзеге асырылған.