Шілде айында нан мен көкөніс қымбаттады

749

Ақылы қызметтер құны 3-тен 3,2 пайызға өсіпті. 

Шілде айында нан мен көкөніс қымбаттады

Ұлттық банк мәлімдемесі бойынша шілде айында нан-тоқаш өнімдерінің қымбаттау қарқыны бәрінен озып 13,8 пайызды, көкөніс 13,4 пайызды құрады. Ет өнімдерінің қымбаттау қарқыны тұрақталып 12,9 пайыз көрсетті. Жылдық инфляция 7,1 пайыз құраған, деп хабарлайды Atameken Business.

Ақылы қызметтер құны 3-тен 3,2 пайызға өсіпті. Ол карантин кезінде коммуналды төлемдердің арзандауымен байланысты. Реттеуге келетін кей коммуналдық қызметтер бағасы 0,9 пайызға артқан. Ерболат Досаевтың айтуынша, келер жылы мұнай бағасына қарай, инфляция 4-6 пайыз аралығында тербеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу