Шілде айында теңгенің 1,4%-ға нығаюына қандай факторлар ықпал етті?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышына шамамен 100 млрд теңге қаражат салынды.

Шілде айында теңгенің 1,4%-ға нығаюына қандай факторлар ықпал етті? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Биыл шілде айының соңында теңге бағамы 1 доллар үшін 445,89 теңгеге дейін немесе қаңтар-шілде айларында 3,6%-ға нығайды. Шілде айында теңгенің 1,4%-ға нығаюына мұнай бағасының өсуі, бейрезиденттердің мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялауы себеп болды. Шілде айының өзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышына шамамен 100 млрд теңге қаражат салынды", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

Республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан шілде айында 591 млн долларға валюта сату да теңгеге қолдау көрсетті. 

Валютаны міндетті сату үлесі 1 шілдеден бастап 50%-дан 30%-ға дейін төмендетілгеннен кейін квазимемлекеттік компаниялардың валюта сату үлесі шілде айында 195 млн доллар болды.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының валюта сатып алуы шілде айында 240 млн долларды құрады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өз активтерінің валюталық үлесін 15%-ға дейін біртіндеп көтеруді жоспарлап отырғанын атап өтейін.  

Ұлттық Банк икемді бағам белгілеу режимін ұстанады және валюталық интервенциялар жүргізбейді", – деп атап өтті спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу