Шілдеде елордалықтар МӘМС-ке 3,5 млрд теңге аударған

1154

Нұр-Сұлтанда медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы – 81,3 млрд теңге.

Шілдеде елордалықтар МӘМС-ке 3,5 млрд теңге аударған

2021 жылғы шілдеде Нұр-Сұлтанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне 3,5 млрд теңге жарна түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының дерегінше, биыл қаңтар-шілде аралығында астаналықтар жалпы медициналық сақтандыруға 23,2 млрд теңге жарна аударған. 

Нұр-Сұлтан бойынша 2017 жылғы 1 шілде мен 2021 жылғы 31 шілде аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы – 81,3 млрд теңге.

"2021 жылғы шілдеде елордалықтар медициналық сақтандыруға 3,5 млрд теңге жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымы 1,6 млрд теңге, жеке кәсіпкерлерден түскен жарна 1,9 млрд теңгеге жуық. Биыл 31 шілдеде 12 мың 740 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген", - деп жазылған хабарламада.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен барлық жарна аударымы Ұлттық банкте сақталады, әрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Медициналық сақтандыру қоры науқастардың құқығын қорғайды. 

Сұрақ туындаған жағдайда 1406 байланыс орталығына хабарласып, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @saqtandyrybot телеграмботына жазуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу