Шілдеде инфляция деңгейі 0,7% болды

692

Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 5,3%-ға жеткен.  

Шілдеде инфляция деңгейі 0,7% болды

2021 жылдың шілдесінде еліміздегі инфляция деңгейі 0,7%, ал жыл басынан бері 5,3%-ды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Азық -түлік тауарларының бағасы шілдеде 0,7%-ға (жыл басынан бері 7,3%-ға), азық - түліктік емес тауарлар - 0,5%-ға (4,5%), ақылы қызметтерге - 0,8%-ға (3, 6%) өсті. 

Оның ішінде қырыққабат бағасы 12,6%, қызылша - 9,1%, пияз - 8,2%, күнбағыс майы - 4,2%, құс еті - 3%, қарақұмық жармасы - 2, 6% өскені байқалды. 

Бұған қоса жылқы еті - 2,5%, қозы - 2,4%, сиыр еті - 2,2%, шошқа еті, шай - әрқайсысы 2%, жұмыртқа - 1,3%, түйіршіктелген қант - 1%, ұн - 0,9% қымбаттады. 

Темекі өнімдерінің бағасы 4,1%, минералды және ауыз су - 1,2%, алкогольдік сусындар - 0,8%, алкогольсіз сусындар - 0,7% өсті. 

Сонымен қатар шілдеде кей өнімдер арзандаған. Атап айтқанда, картоп - 20%, қызанақ - 14,8%, қияр - 11,9%, сарымсақ - 6,8%, банан - 2,5%, сәбіз - 2,2%. 

Ал тұрмыстық техниканың бағасы 1,7%, құрылыс материалдары, ыдыс -аяқ - 0,9%, жиһаз бен тұрмыстық заттар - 0,6%, жуғыш заттар - 0,5%, киім мен аяқ киім, жеке тауарлар - 0,4% қымбаттады.  Сондай-ақ сұйытылған газдың бағасы 2,1%, дизель отыны 2%, бензин бағасы 0,9%-ға артты.

Шипажайларда қызмет көрсету ақысы 1,1%-ға, қоғамдық тамақтану - 0,8%-ға, кешенді демалысты ұйымдастыру - 0,7%-ға, шаштараздар мен сұлулық салондарына, қонақ үйлерге - 0,4%-ға өсті.  Әуе жолаушылар көлігімен саяхат 9,9%-ға, такси - 1,2%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясының тарифі 5%, суық су  - 1%, ағынды су тарифі 0,7% өскен.

Қазақстанда 2020 жылы инфляция деңгейі 7,5%-ды құраған еді. 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу