Шіркейлі каналына көпір салуға қазынадан 706 миллион теңге бөлінді

1041

Шіркейлі каналына көпір салуға қазынадан 706 миллион теңге бөлінді

Қызылорда облысында "Жол картасы" аясында республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 103 жоба жүзеге асады. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде жалпы ұзындығы 1390 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және 12 көпірге құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалау алқабын игеру мақсатында көше-жолдары желісін орналастыру үшін облыстық бюджеттен бөлінген 370,5 млн теңгеге 2 жоба бойынша өткен жылы басталған екі магистралды көше құрылысын салу жобасы жалғасады. Шіркейлі каналына көпір салуға қажетті қосымша 706,0 млн теңге ел қазынасынан бөлініп, биыл құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазалы ауданының "Әлсейіт" учаскесінде Сырдария өзеніне көпір салу жұмыстары жалғастырылады", - деп хабарлады Ержан Әбдіхалықов. 

Сондай-ақ, облыста басқа да жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілмек. Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішін 63,5% жеткізу қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу