ШҚО әкімінің аппараты тікұшаққа 180 млн теңге бөліп отыр

449

Тікұшақ қызметін облыс әкімі Даниал Ахметов және әкімдік қызметкерлері де пайдаланады.

ШҚО әкімінің аппараты тікұшаққа 180 млн теңге бөліп отыр Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты "жолаушыларды кестесіз тасымалдау үшін" тікұшақ жалдауға тендер жариялады. Әр 60 минутына 1,2 млн теңге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биыл қосылған құн салығын есептемегенде 162 миллион 276 мың теңге бөлінді. Бұл сомаға 19 миллионнан астам қосылған құн салығы түседі. Сонда жалпы сомасы шамамен 180 миллионды құрайды. Бір жылда кем дегенде 148 сағат ұшу керек.  

Жеткізушіге қойылатын талаптар стандартты: қызметті Шығыс Қазақстан облысының бүкіл аумағы бойынша 2023 жыл бойы демалыс және мереке күндері күн сайын көрсету қажет, тікұшақ фюзеляж ішінде кемінде 22 адамды, сондай-ақ жолаушыларды ескере отырып, кабинаның ішінде салмағы 3000 кг аспайтын жүкті тасымалдау мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Тікұшақтар Өскемен қаласының әуежайында болады. Биіктігі кемінде 2000 метрден асатын таулы және жазық жерлерде, сондай-ақ қысқы және жазғы уақытта тікұшақпен ұшуды орындау мүмкіндігі болуы керек. Әдетте Ми-8 тікұшағы алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу