ШҚО ауыл мектебінің оқушылары көз протезін жасап шығарды

780

Бұл жобаны жасауға 2 ай уақыт кеткен. 

ШҚО ауыл мектебінің оқушылары көз протезін жасап шығарды Фото: instagram.com/oqu_agartu_ministrligi

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауылындағы №1 орта мектеп оқушылары Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жасанды көз ойлап тапты, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Олар өз жобасын Наурыз кездесулерінде Оқу-ағарту министріне таныстырды.

"Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды", - деді жас өнертапқыштар.

Әмір мен Дария екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемек.

Еске салайық, 15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу