ШҚО-дағы бала өлімі фактісінің жартысы Өскемен перзентханасында тіркеледі

334

Өскеменде жыл басынан бері 3501 бала дүниеге келген.

ШҚО-дағы бала өлімі фактісінің жартысы Өскемен перзентханасында тіркеледі Фото: pexels

Шығыс Қазақстан облысында сәби шетінеуі мен жас босанған ана өлімі алаңдатарлық мәселе болып отыр.

Облыстағы сәби өлімінің жартысы Өскеменде тіркелген. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі uk-news.kz сайтына сілтеме беріп.

Өскеменде жыл басынан бері 3501 бала дүниеге келген. Ал 27 сәби шетінеген. Жалпы ШҚО бойынша 6103 нәресте дүниеге келді. Олардың 43-і қайтыс болған. 

Ал жас босанған үш ана өлімі тіркелді. Оқиғаның біреуі Өскеменде болған. Былтыр мұндай оқиға тіркелмегені хабарланды.

Шығыс Қазақстандағы перзентханалар үш санатқа бөлінеді. Бірінші деңгейде босануы қиындамаған жүкті әйелдер қабылданады. Мұндай перзентханалар Риддер, Серебрянск, Ұлан, Самар, Глубокое, Шемонаиха, Катонқарағай, Күршім және Тарбағатай аудандарында жұмыс істейді. Олар биыл 1330 адамды босандырған. 

Жүктіліктің қиындауы жөнінен екінші деңгейдегі перзентханалар Катонқарағай мен Күршім аудандарында бар. Биыл бұл жерлерде 60 ана босанды.

Үшінші деңгейдегі перзентханалар ең күрделі және патологиялық жағдайлармен келіп түскендерді қабылдай алады. Облыс бойынша мұндай тек екі перзентхана бар. Біреуі Өскемендегі ана мен бала орталығы, екіншісі Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы. Биыл екі мекемеде 8444 ана босанды. 

Перзентханаларда, әсіресе Өскемендегі перзентханада жүктеме көп екені айтылады. Жүктемені азайту мақсатында биыл жыл соңына дейін Күршім мен Тарбағатай аудандарының аудандық ауруханаларын екінші деңгейде акушерлік көмек көрсете алатын сатыға көтеру жоспарланған. 

Тұрғындар Өскеменде бір ғана перзентхана аз деп есептейтінін жиі айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу