ШҚО-да 10 тонна контрафактілік ішімдік тәркіледі

615

Әкімшілік өндіріс қозғалып, тасымалданған жүк тәркіленді, тиісті сараптама тағайындалды.

ШҚО-да 10 тонна контрафактілік ішімдік тәркіледі

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 10 тоннадан астам ішімдікті заңсыз тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды 24.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 5 литрлік ыдыста барлығы 2000 данадан асатын алкоголь өнімін тиеген жүк көлігін анықтады. Тексеру барысында 40 жастағы көлік жүргізушісі мен оның қасындағы жолаушының айтуынша, олар ішімдікті Үржар ауданының аумағына өткізу мақсатында әкелген. Алайда әкеле жатқан жүктеріне қандай да бір құжаттар ұсына алмады.Осы факті бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, тасымалданған жүк тәркіленді, тиісті сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу