ШҚО-да 11 млн теңгеден астам ақша жымқырған мектеп есепшісіне сот үкімі шықты

576

Ол 9 миллион теңгені құмар ойындарға, ал қалған ақшаны несиесін жабуға жұмсаған. 

ШҚО-да 11 млн теңгеден астам ақша жымқырған мектеп есепшісіне сот үкімі шықты Фото: zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық соты оған мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті, деп жазады inbusiness.kz

Ақпаратқа сәйкес, Күршім ауданы орта мектебінің  есепшісі 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2022 жылдың шілде айына дейінгі аралықта бюджет қаражатын жеке банктік картасына, мектепте істемейтін туыстарының банктік карталарына заңсыз аударып отырған.

Сотталушы өз кінәсін мойындады. Бұдан басқа оған тағылған айып  жәбірленушілердің түсініктерімен, сот-экономикалық сараптама қорытындысымен толық дәлелденген.

"Бұл қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатады. Аталған қылмысты жасағы үшін екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін және кішкентай балаларының болуын ескерді. Прокурор жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды келтірген жоқ. Сот азамат М. кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметті атқаруға өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу