ШҚО-да 2 мыңнан астам мал иесі жауапқа тартылды

264

Өңірде қараусыз жүрген малды уақытша ұстауға арналған 97 орын бар.   

ШҚО-да 2 мыңнан астам мал иесі жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Рейд барысында полицейлер қараусыз жүрген жануарларды анықтап, олардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 2 мыңнан астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және чиптеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл олардың иесін анықтауға және малды ұстауға жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмай, белгіленген орындарда жаюды және оларды уақытылы сәйкестендіруді ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу