ШҚО-да 2 жасар бүлдіршіннің денесін күйік шалды

418

Баланың үстіне кіржуғыш машина құлаған. 

ШҚО-да 2 жасар бүлдіршіннің денесін күйік шалды Фото: inbusiness.kz

Алтай ауданында 2 жасар баланың үстіне кіржуғыш машина құлап, денесін күйік шалды. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, баланың денесінің 79 пайызын күйік шалған. Оқиға 26 тамыз күні Алтай қаласында болған.

Бүлдіршін үйде ойнап жүріп, қайнаған су толған кіржуғыш машинаны үстіне құлатып алған. Соның салдарынан басын, мойнын, денесін, аяғы мен қолын термиялық күйік шалды. Ол санитарлық авиациямен шұғыл түрде Өскемен қаласына жеткізілді.

Ауруханаға жатқызылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін балаға шокқа қарсы және детоксикация терапиясы жасалып, қан мен плазма құйылды. Сондай-ақ хирургтар денесінің зақымдалған жерлерінің шамамен 35% 4 еселік аутодермопластика (тері егу) жасады. Бүгінде баланың жағдайы "тұрақты ауыр" деп бағалануда, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу