ШҚО-да 2105 абонентке газ беру шұғыл тоқтатылды

908

Кеше кешке ШҚО-да көпір құрылысы кезінде жоғары қысымды магистралды газ құбырына байқаусызда зақым келді. Құбыр арқылы Зайсан ауданының Айнабұлақ, Қаратал, Үлкен-Қаратал, Шалқар, Көгедай, Қайнар, Кеңсай, Жамбыл, Қарабұлақ сынды 9 елдімекеніне газ жеткізілетін.

ШҚО-да 2105 абонентке газ беру шұғыл тоқтатылды

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан аталған елдімекендердегі 2105 абонентке газ беру шұғыл тоқтатылған.

"Аудан әкімінің басшылығымен қалпына келтіру жұмыстары орнында штаб құрылды. 6 мотопомпа, АЦ-40, 1 КУНГ, 50 техника, сондай-ақ "Барыс көл"ЖШС тарапынан барлық қажетті техника жұмылдырылды. 9 елдімекенде көмір мен қажетті отын қорын тасымалдау ұйымдастырылды. Айта кетейік, барлық үйлер апат кезінде автономды жылу көздеріне көшті. Ал сыртқы ауа температурасы -17 градусты құрады",– дейді әкімдіктен.

Апат салдары бүгін таңертең сағат 8.00-де жойылып, абоненттерді қосу жұмыстары басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу