ШҚО-да 23 көлік қар құрсауында қалды

885

Көмір тиеген КАМАЗ кептеліс туғызған. 

ШҚО-да 23 көлік қар құрсауында қалды

Кеше  38 жолаушы түн баласында жолда қала жаздады. Кешкі сағат 20.11-де ШҚО төтенше жағдайлар департаментіне Шүлбі-Бәженов бағытындағы тасжолда қалған жолаушылардан хабар түседі.  23 көліктің жолын Шүлбі кентіне көмір апара жатқан КАМАЗ бөгеп қалған. 

"Оқиға орнына құтқарушылар мен бірге Шүлбі кентінен арнайы техника келіп, жолды аршыды.  38 жолаушысы бар 23 көлік қар күреуіш техниканың ізімен Шүлбі кентіне жеткізілді", – деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Қазгидромет" өкілдері бүгін де облысың кей бөлігінде қатты жел тұрып, қар жауатынын ескертіп отыр. Өскемен мен Семейде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғып, соңы қарлы боранған ұласуы мүмкін.

Есімжан Нақтыбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу