ШҚО-да 40 га аумақта өртенген шөп сөндірілді

1002

Курчатов қаласының аумағында 2 маусымда сағат кешкі жетіден бастап шыққан өртті сөндіру үшін 3 арнайы техникамен 15 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ШҚО-да 40 га аумақта өртенген шөп сөндірілді

Өртті сөндіруге жергілікті тұрғындардан 6 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылыпты. Өрт сөндірушілер мен қала азаматтары тілсіз жаумен түні бойы күрескен көрінеді. Осылайша, 40 га аумақтағы от 04 сағат 45 минутта толығымен өшірілген.

ШҚО ТЖД  жол жиегіне сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді лақтырмау керектігін ескертеді. Ормандар мен дала аймақтарында от жағуға болмайды.  

"Балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіз. Шөптің күйіп кетуіне жол бермеңіз, мамықты өртемеңіз. Өрт болған жағдайда 101 және 112 телефондары арқылы дереу хабарлаңыз", - деп ескертеді департаменттен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу