ШҚО-да 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды – полиция

519

Алдымен жергілікті халық дабыл қақты

ШҚО-да 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды – полиция Фото: yandex.kz

Алғашқы болып Глубокое ауданының халқы дабыл қаққан. Халықтың айтуына қарағанда, қылмыстық іс күндізгі уақытта болған. Күдікті Кожохова ауылына жасырынған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кейін полиция департаменті күдікті адам ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады. 

"Бұл дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптамалар тағайындады", - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Содан кейін полиция елді мекенді бақылауға алды.

Әзірге осы ақпарат қана белгілі. Өзге деректер, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу