ШҚО-да 61 жастағы қария есірткі сатумен айналысқан

1024

Күдікті бұрын сотталған.

ШҚО-да 61 жастағы қария есірткі сатумен айналысқан

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында есірткі сатумен айналысқан 61 жастағы қария ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Семей қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге шаһарда есірткі сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. 

61 жастағы қария жалпы салмағы 4,73 грамм болатын "гашиш" есірткісін 36 жастағы ер адамға 8 000 теңгеге сатып жатқан.

"Күдіктінің пәтерін тінту кезінде балконнан бір полимер түйіншек және жасыл түсті ұнтақ табылды. Оларға қағазға салынған. Сондай-ақ ас үйдегі терезенің алдында ерекше иісі бар жасыл түсті зат, бір қағаз түйіншек табылды. Тоңазытқыштан жасыл түсті ұнтақ тәркіленді. Балконның терезесінен пластикалық пакеттерге салынған жасыл түсті ұнтағы бар пластикалық контейнер табылды", – деп жазылған хабарламада.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар жалпы салмағы 169,29 грамм болатын "гашиш" екені анықталды.

Бүгінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған хабарламада.

Қарияның кінәсі сотта дәлелденсе, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу