ШҚО-да 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

1021

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3,6 млрд теңгеге 715 шағын несие берілді. 

ШҚО-да 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Бұл туралы ҚР Президентінің Жолдауын талқылау бойынша өткен актив отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты.

Сондай-ақ ол өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында 776,4 млн теңгенің 27 жобасына несие берілгенін мәлімдеді. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қолдау тетіктерін белсенді пайдаланып отырған өңір болып саналады. Нақтырақ айтсақ, субсидияланған бизнес жобаларының саны бойынша елімізде көшбасшы орынға ие. Мәселен осы жылы жол картасы бойынша 151 жоба субсидияланды. Бұдан бөлек 174 млн теңгеге 72 грант берілді. Кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімдерінің көлемі жыл басынан бері 17 %-ға өсіп, 38 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу