Биыл 120 мың гектар жер қайтарылады деп жоспарланып отыр. Бүгінде бұл жоспардың 67%-ы (80,3 мың га) орындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның ішіндегі 79,9 мың гектар (99%) – қала және аудан әкімдіктерімен жалға беруден ерікті түрде бас тарту және мерзімінің аяқталуы есебінен қайтарылды. Ал 0,4 мың гектар (1%) жер облыстық жер қатынастары басқармасының бақылау шаралары нәтижесінде мемлекет меншігіне тәркіленді. Алтай және Глубокое аудандары жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындады.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 24 шілдеде облыс әкімі берген тапсырмаға сәйкес, Ұлан ауданында жоспар 8 айда толық орындалып, 9,7 мың гектар жер қайтарылды.
Дегенмен, бірқатар аумақтарда жерді қайтару қарқыны төмен.
Атап айтқанда:
- Самар ауданында – небәрі 10% (1,4 мың гектар),
- Марқакөл ауданында – 33% (4 мың гектар).
"Облыс бойынша жалпы оң динамика байқалып отыр. Алайда жоспарға ілесе алмаған аудандар жұмысты күшейтуі қажет", – деді ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.