ШҚО-да 86 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

470

Бас мемлекеттік санитар дәрігер бұл статистика төмендеуі үшін санитарлық-эпидемиологиялық режимнің барлық ережесін сақтау қажет екенін атап өтті.

ШҚО-да 86 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

Шығыс Қазақстан облысында қазаннан бері 86 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс.

"Медициналық персонал арасында тіркелген вирус жұқтыру статистикасы бойынша ШҚО жетекші орында. Жалпы алғанда, біздің мәліметтеріміз бойынша, 1 қазаннан бері 86 жағдай тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы үшін мамандардың өздері де, медициналық ұйымдар басшыларының да жауапкершілігін күшейту туралы шешім қабылданды", – деді Е.Қиясов.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер бұл статистика төмендеуі үшін санитарлық-эпидемиологиялық режимнің барлық ережесін сақтау қажет екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу