ШҚО-да әскери басшылар сотталды

559

1,8 млн теңге үшін 9 жыл арқалады. 

ШҚО-да әскери басшылар сотталды

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті "Семей экплуатациялық бөлімшесінің" бастығы М.К.Хамзин мен оның орынбасары Д.К.Мұратовтың үстінен қозғалған істі аяқтады. Лауазымды әскери қызметкерлерге пара алды деген айып тағылған болатын. 

Олар Қорғаныс министрлінің "Әскерлерді пәтерге орналастыру бас басқармасы" мекемесі мен кәсіпкер арасындағы 57,4 млн теңгенің болат сымын жеткізу туралы келісімшарт бойынша  жасалған жұмыстың актісіне қол қойғандары үшін  1,8 млн теңге пара алмақ болды деп күдікке ілінген еді. 

"10 желтоқсан күні  Семей гарнизонының әскери сотының үкімімен М.К. Хамзин 9 жылға бас бостандығынан, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Ал  Д.К. Мұратов 7 жылға бас бостандығынан, өмір бойы мемлкеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды", - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу