ШҚО-да ауыл тұрғыны 3 қап марихуанамен ұсталды

787

Күршім ауданының тұрғыны есірткіні жазда өзі өсіріп, күтіп-баптаған.

ШҚО-да ауыл тұрғыны 3 қап марихуанамен ұсталды

Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында 25 келі марихуана тығып ұстаған тұрғын ұсталды. 

"Криминалдық полиция қызметкерлері аудандағы шаруа қожалықтардың иісі марихуанаға ұқсас шөп нығалған үш қап пен есірткі шегуге арнап қолдан жасалған құралдар тауып, тәркіледі. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде шаруа қожалықтың 28 жастағы жұмысшысы ұсталып, жазда есірткі өсімдігін қожалықтың маңайынан жұлып алып, өзі пайдалану үшін сақтағанын  мойындады. Сот-химиялық сараптама  бойынша қаптағы зат марихуана екені расталды. Салмағы 24 866 грамм",- дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Қазір осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа тергеу басталды.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу