ШҚО-да автобус қар көшкіні басып қалды

569

Жолаушылар арасында балалар да болған, деп хабарлайды inbusiness.kz  Астана телеарнасына сілтеме жасап. 

ШҚО-да автобус қар көшкіні басып қалды Фото: astanatv.kz

Еңістегі қар массасының жылжып бара жатқанын байқаған жүргізуші автобусты тоқтатып үлгерген. Көліктің есіктері мен шатырын ғана қар басып қалған. Автобусты қар құрсауынан басқа жолаушылары босатып алды.

Бір күн бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупі туралы хабарлағанымен, туристер мұны ескермеген. Оқиға демалыс орталықтарына апаратын көлік көп жүретін жолда болған.

Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Таулы аймақтардағы жолдар 20:00-ден 06:00-ге дейін жабылды.

"Қар көп жиналған тау беткейлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Қыс басталғалы 260 мың текше метрге жуық қар түсірілді", - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Лискова.

Синоптиктер де алдағы күндері термометрлер плюс жеті градусқа дейін көтерілетінін болжап отыр.  Су басу қаупі бар жерлер ерекше бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу