Жергілікті жерлердегі орман шаруашылығы, ұлттық парк өкілдері комитетке шығыстағы аю мен қасқырды да саны реттеліп отыратын жануарлар қатарына енгізуді сұрап отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.
Соңғы жылдары орман-тоғай маңындағы елдімекендерге дейін келіп жатқан аюлар малға, тіпті адамға да шабуылдаған.
2016-жылы аюлардың малға шапқан алты оқиғасы тіркелген. Ал 2015-жылы Шемонайха ауданында ойда жоқта кезіккен аюдан ауыл тұрғыны мерт болған. Бұрын аю реттелетін жануарлар тізімінде болып келген.
Малшылар мен жеке қорықшылар аумақтық инспекцияның рұқсатымен малды шығындаған кәрі, ауру (ауыл малына шабуыл жасайтын, ауылға жақын келетін аюлардың көбісі ауырған немесе қартайған) аюларды атып отырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу