Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында баласына алимент төлемей келген ер адам сотталды.
– Ер адамға өткен жылы ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы кесілген. Алайда оның дұрыс жолға түспегені анықталды. Жазасын өтеу кезінде ол бірнеше рет белгіленген тәртіпті бұзып, сот жүктеген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарып, кәмелетке толмаған баласына алимент төлемеуді жалғастырған, – деп хабарлады Ұлан аудандық прокуратурасынан.
Сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін сотталған азамат қалған жаза мерзімін, яғни 1 жыл 4 айын түрмеде өткізеді.