ШҚО-да борышкерлерден 21 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді

503

Полицейлер өңірде өткен "Айыппұл төле!" бес күндік акциясын қорытындылады. 

ШҚО-да борышкерлерден 21 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді Фото: inbusiness.kz

ШҚО-да борышкерлерден 21 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді, деп жазады inbusiness.kz noks.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары акция аясында борышкерлерден 21 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алған.

Бұдан басқа 12 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Себебі автокөлік иелерінде әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша борышы болған. 

Өскемендік полицейлер 31 жастағы азаматтың басқаруындағы көлікті тоқтатып, ер адамда сомасы 110 мың теңгеден асатын 6 төленбеген ұйғарым барын анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу