ШҚО-да дала өртін сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда

401

72 рет су төгілді

ШҚО-да дала өртін сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстанда орман өртін сөндіру жұмыстары бойынша жедел шаралар қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде шамамен 20 га алаңда құрғақ шөп пен бұталардың өрті сөндірілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2 тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы тартылып, 72 рет су төгілді. Орманшылардан, өрт сөндірушілерден және ЖАО-дан 200-ден астам адам, 25 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу