Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты Татарка учаскесінде электр желілерінде жұмыс істеп жүрген энергетикалық компанияның 7 қызметкері екі автокөлікпен қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына жоғары өтімді арнайы техникамен келген құтқарушылар жеті адамды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады.
"Жолға шығарда ауа райын ескеріңіздер, дауылды ескертулерді қадағалаңыздар және қыс мезгілінде жолға шығар алдында құтқарушылардың ұсынымдарын орындаңыздар", – деп ескертті ҚР ТЖМ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу