ШҚО-да газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болды

597

Зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді.

ШҚО-да газ баллондарын толтыру станциясында  жарылыс болды Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха қаласында газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға 22 маусым күні Украинская көшесінде болған. Жарылыс салдарынан зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді.

- Газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болып, өрт шықты. Тілсіз жаудан 5 бірлік техника бүлінді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланып, ауданы анықталуда. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жарылыс салдарынан 2 адам термиялық күйік алып, тез арадам аурухаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына ешқандай қауіп жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу