ШҚО-да ірі кинотеатрлардың бірі жабылды

487

"Еңлік-Кебек" орналасқан ғимарат облыстық коммуналдық меншікте болғандықтан кинотеатр ғимаратының одан әрі тағдыры туралы мәселе рәсімдер аяқталғанға дейін белгісіз. 

ШҚО-да ірі кинотеатрлардың бірі жабылды Фото: altaynews.kz

Қазір кинотеатрды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды altaynews.kz. 

Әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы "Еңлік-Кебек" кинотеатрының жабылғандығы туралы ақпарат пайда болды. 

 

Бұл жағдайға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі түсініктеме берді. Мәдениет бөлімінен берілген ақпаратқа сүйенсек, "Еңлік-Кебек" кинотеатры ғимараты 2004 жылы "Мунира" ЖШС-ге 15 жыл мерзімге, кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген.

"Өткен жылдың желтоқсан айында сенімгерлік басқару шартының мерзімі аяқталды. "Мунира" ЖШС келісімшартты ұзартуға ниет білдірген жоқ. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 наурыздағы №65 қаулысымен кинотеатрды жабу туралы шешім қабылданды. Енді ҚР Азаматтық кодексінің 50-бабына сәйкес, кинотеатрды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. "Еңлік-Кебек" орналасқан ғимарат облыстық коммуналдық меншікте болғандықтан кинотеатр ғимаратының одан әрі тағдыры туралы мәселе рәсімдер аяқталғанға дейін белгісіз. Ғимараттың сақталуына уақытша филармония жауап береді", – дейді  әкімдік.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу