ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды

90

Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды Фото: ТЖМ

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.

– Сол учаскелердің бойында 93 шақырым жол мен түрлі ғимараттар орналасқан. Егер көшкін жүрсе тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан "112" қызметінен ескертулер жасалса, қауіп-қатерден аулақ болыңыздар және қар көшкіні қаупі бар жолдармен жүрмеңіздер, – деп ескертті құтқарушылар.

Айта кетейік, облыс бойынша қар көшкіні қаупі бар кезең сәуір айына дейін созылады. Осы аралықта халық тауға шықпас бұрын ауа райы жағдайын қатаң ескеруі қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу