ШҚО-да кардиологиядағы ең күрделі диагноздардың біріне ота жасалды

480

Мұндай патология қолқаның сөзсіз жыртылуына, сондай-ақ жиі жағдайда өлімге әкеледі.

ШҚО-да кардиологиядағы ең күрделі диагноздардың біріне ота жасалды  Фото: pacient.club

ШҚО кардиохирургтары он сағат бойы ер адамның өмірі үшін күресті, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменде кардиохирургтар аортасы қатпарланған ер адамның өмірін сақтап қалды. Пациент кардиологиядағы ең күрделі диагноздардың бірімен шұғыл түрде Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына түсті. 

51 жастағы ер адам өзін көшеде жайсыз сезінген, алайда көлігіне мініп, әйеліне қоңырау шалады. Инфаркт симптомдарымен "жедел жәрдем" көлігімен ауруханаға жеткізіледі, жасалған коронарографияның көмегімен инфаркт расталмады. 

КТ-ның нәтижелері бойынша аортаның қатпарлануы диагнозы қойылды. Дәрігерлердің айтуынша жүректен жамбасқа дейін бүкіл тамыр зақымданған. Мұндай патология қолқаның сөзсіз жыртылуына, сондай-ақ жиі жағдайда өлімге әкеледі. Ер адам операция үстелінде өлім аузында болды. 

Түні бойы кардиохирургтар Дастан Қадырбаев, Шыңғыс Балтабеков, анестезиолог Олжас Рахымғалиев, перфузиолог Әсет Нұрахатов күрделі операция жасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу