ШҚО-да қардың қарқынды еруі басталып, тәулік бойы мониторинг жүргізілуде

83

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі басталды. 

ШҚО-да қардың қарқынды еруі басталып, тәулік бойы мониторинг жүргізілуде Фото: ШҚО әкімдігі

Өңірде су тасқынының алдын алу мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын бақылап, су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып тексеруде.

Аталған жұмыстар жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, тасқын қаупі туындаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға бағытталған.

Бақылау нәтижелері бойынша гидрологиялық жағдайдың тұрақты екені анықталды. Облыстың көптеген өзенінде мұздың әлсіреуі байқалады, ал кейбір өзендерде мұздан ашылу жүріп жатыр. Қауіп төндіретін су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу