Шығыс Қазақстанда Глубокое ауданындағы Малоубинка ауылында қатты дауыл тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып әкеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов Малоубинка ауылында болып, баспаналары зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Оның айтуынша, күшті дауылдың салдарынан тұрғын үйлерге зақым келіп, шатырларын ұшырып әкеткен, сондай-ақ шаруашылық құрылыстары да бүлінген.
"Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына оңай емес екенін жақсы түсінемін. Сондықтан біздің міндетіміз – келтірілген залалды бағалап қана қоймай, ең алдымен көмекке мұқтаж жандарға мүмкіндігінше жедел қолдау көрсету. Тұрғындардың қажетті көмекті алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деп хабарлады ауыл әкімі.