ШҚО-да колония аумағына зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды

333

Оқиға 13 қазанға қараған түні "Қадағалау" режимдік-профилактикалық іс-шарасы кезінде болған.

ШҚО-да колония аумағына зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Шығыс Қазақстан облысында №18 мекеменің қызметкерлері күзетілетін аумаққа белгісіз зат салынған түйіншекті лақтырмақ болған ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Polisia.kz хабарлауынша, тексеру барысында ер адамның жанынан скотчпен оралған түйіншек табылды. Оның ішінде өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болған.

Тәркіленген заттың құрамын анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалды. Оқиға қызметкердің кеудесіне тағылған видео камераға түсіп қалған.

Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу